Сәбидің бүкіл күнібір қарағанда.


Live Activity
Таймер әрдайым қол астында
Ұйқы мен емізу құлып экранында және Dynamic Island-та жүреді. Қосымшаны ашпай-ақ тоқтатуға болады.
Қалай болса, солай айтыңыз
Қазақша, орысша немесе араластырып. Bope түсініп, өзі жазып қояды — бір сағаттан кейін есіңізге түссе де.
Бәрі бірден көрінеді
Қанша уақыт ұйықтап жатыр, қашан тамақтанды, келесі емізу қашан. Таймер құлып экранында және Dynamic Island-да жүріп тұрады.
Күн жоспары
Бүгін қашан емізу, қашан ұйықтату керек — сәбиіңіздің ырғағына қарай. Әр жазбадан кейін жоспар жаңарады.
Бүкіл отбасы бір күнделікте
Анасы, әкесі, әжесі не бала күтушісі бірдей жазбаларды көріп, өздерінікін қосады.
Дәрігерге есеп
Керекті күндердегі ұйқы, тамақ пен бой-салмақ бір бетте. Тегін.
bope+
Bope-тың негізгі мүмкіндіктері тегін. bope+ — көбірек керек адамдарға.
Тегін
- Ұйқы, тамақ, жөргек, денсаулық
- Құлып экранындағы таймерлер
- Бүкіл отбасына ортақ күнделік
- Дәрігерге есеп
- Дауыс: басында 15 жазба, кейін күніне 3
bope+-пен
- Дауыс: күніне 60 жазбаға дейін
- Толық күн жоспары
- Ұйқы мақсаттары
- Даму жоспары
- Bope-тан сұрау: күніне 30 сұраққа дейін
Бір жазылым — бүкіл отбасына. Сынақ мерзімі жоқ: өзіңіз шешкенде ғана төлейсіз.
Bope Moms
Жаныңыздағы аналар: сәбилері құрдас аналармен серуен, кездесу, әңгіме. Мәтін мен фото тексеріледі, кез келген жазбаға шағымдануға, кез келген адамды бұғаттауға болады.
Қауымдастық ережелері →Сәби туралы жазбалар — тек сіздікі
Жарнама жоқ, деректер сатылмайды. Дауысты сақтамаймыз: мәтінге айналдырдық та, ұмыттық. Деректер Еуроодақтағы серверлерде тұрады, аккаунт солармен бірге екі рет басып жойылады.
Құпиялық саясаты →